"Сүйем сені, туған жер" » Ә.Еспаев атындағы балалар саз мектебі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Ә.Еспаев атындағы балалар саз мектебі"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72638) 3-29-62
bookkeeping:
+7(72638) 3-29-62
Version for
visually impaired
27
November
2019

"Сүйем сені, туған жер"

Тәрбие сағатының тақырыбы: Сүйем сені, туған елім!

Мұғалімі: Ержанова Мөлдір Сабырбаевна
Мақсаты: Өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуге баулу.
 Түрі: Саяхат сабақ
 Көрнекілігі: Қазақстанның жалауы, рәміздер, даналық сөздер, проектор, батырлардың портреттері.
 Сабақтың барысы:
 Ұйымдастыру кезеңі:
 - Құрметті қонақтар, келген қадамдарыңыз сәтті болсын! Біз сіздерге шын жүрегімізден шуақты күн, ашық аспан, бейбітшілік пен амандық, ырыс тілейміз!
 - Қазақстан – біздің сүйікті Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдын шалқар көлдері, сылдырай аққан өзендері, ормандары бар. Осының бәрі Алтай мен Атырау, Ақжайық пен Алтайдың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып, жасарып жатыр. «Отан отбасынан басталады!» - деп халқымыз айтқандай Отан кең мағыналы қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті оның жарық дүниедегі жан саясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны. Отанымызды сүйіп, аялау үшін еліміз, туған жеріміз оның тарихын, өткені мен бүгіні жайлы жақсы білуіміз қажет.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив