29
ноябрь
2019
"Мен қазақ елінің патриотымын"
Шу ауданы, Төле би ауылы, Ә.Еспаев атындағы балалар саз мектебінің фортепиано сыныбының мұғалімі Туменбаева Айгуль Абитаевна
Ашық сабақтың тақрыбы: «Мен, азат елдің патриотымын!»
Мақсаты:
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта
Барысы:
1. Ұйымдастыру.
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз,қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз!
Осылайша А.А.Туменбаеваның ашық тәрбие сағаты туған жер туралы патриоттық тақпақтармен, әнмен, фортепианода шығарма ойнаумен жалғасын тапты. Сабақ соңында мектеп директоры міндетін уақытша атқарушы А.У.Диханбаева ашық тәрбие сағаттың жоғары деңгейде өткенін айтып өтті. Оқушылардың тәрбие сағатына жақсы атсалысып, өз өнерлерін тамаша көрсете алғанын атап айтты.

