"Алғашқы қадам-өнерге!"
Әбілахат Еспаев балалар саз мектебінде "Алғашқы қадам-өнерге!" атты 1-сынып оқушыларының өнерге деген алғашқы қадамдарына арналған мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында өнерлі шәкірттеріміз өз өнерлерін тарту етті. Сонымен қатар іс-шараға қатысқан ата-аналар ұстаздарға алғыстарын білдірді. Осынау іс-шара жас өнерпаздардың алғашқы шығармашылық баспалдағы болып, мектебіміздің дәстүріне айналды.